Енді Қазақстан азаматтары Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады

Енді Қазақстан азаматтары Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады

Биыл 25 мамырдан бастап қазақстандықтар Вьетнамда 90 күн визасыз жүре алады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Вьетнам Үкіметтері арасында ұлттық паспорт иелерін визалық талаптан босату бойынша келісім күшіне енеді.

"2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.

Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді. Екі елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Есен