Алматылықтарға "кірістер департаментінен" жалған ақпарат келген

Алматылықтарға "кірістер департаментінен" жалған ақпарат келген
Фото: gov.kz

Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті фейк ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматылықтарға Мемлекеттік кірістер департаменті мен аудандық басқармалары басшылығының атынан фейк хабарламалар келіп түсуде. Интернет-алаяқтар WhatsApp, электрондық пошта, SMS және әлеуметтік желілер арқылы әрекет етіп жатыр.

"Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Департамент пен Аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары басшылығы атынан жалған алаяқтық хабарламалардың жиілегенін хабарлайды.

Департамент азаматтар мен кәсіпкерлерге аса қырағылық танытуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражатын аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге, оның мазмұнын Департаменттің немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми дереккөздерінде жарияланған ақпаратпен міндетті түрде салыстырып тексеруге кеңес береді.

Азаматтарды күдікті хабарламаларға жауап бермеуге және Департаменттің ресми сайтында немесе @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram аккаунтында көрсетілген контактілер бойынша фишингтік немесе алаяқтық жағдайлар туралы хабарлауға шақырамыз", – делінген Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми порталында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина