Астана-Шымкент бағытындағы пойызда бейәдеп әрекет жасаған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана-Шымкент бағытындағы пойызда белгісіз еркек әйелдің вагонына кіріп маструбация жасаған. Видео әлеуметтік желіде кең тарап, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желідегі оқиға 4 мамыр күні болған. "Шымкент-Астана" бағытындағы пойызға арнайы қызметкерлер шақыртылған. Жолаушы белгісіз адамның қорлық көрсетіп, тиіскенін айтып, шағымданған. 

"Қарағанды ​​стансасына полиция қызметкерлері шақырылды. Қарағанды ​​стансасына келген соң аталған жолаушыны полиция қызметкерлері қосымша тергеу үшін пойыздан шығарды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ.

Ішкі істер министрлігі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты Қарағанды - Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады, - деді полиция департаменті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!