Ақтауда үйдің кіреберісінің төбесі опырылып, бесікарбада жатқан сәбиді басып қала жаздаған

Ақтауда үйдің кіреберісінің төбесі опырылып, бесікарбада жатқан сәбиді басып қала жаздаған
Фото: lada.kz

Ақтауда 27-шағынаудандағы №47 үйдің тұрғындары апат жағдайында тұрған кіреберістің төбесін жөндеуді сұрайды. Бұған Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2 мамырда №47 үйде кіреберістегі бетон төбенің бір бөлігі опырылған. Оқиға болған кезде бірінші қабаттың тұрғындары жақын жерде орындықта отырған, тіпті бесікарбада сәби ұйықтап жатқан. Бетон бөліктері арбаның жанына құлаған, осылайша сәбиді басып қала жаздаған. Бетонның кішкентай бөлігі баланың әжесіне де тиіпті.

Оқиғадан кейін тұрғындар бетон қалдықтарын жинап алған.

Жаңбырдан кейін тұрғындардың үрейі күшейеді екен, өйткені кіреберістің төбесі қауіпті бола түседі. 

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі өкілдері 27-шағынауданға қызмет көрсететін "Болат" компаниясына тиісті тапсырма берілгенін мәлімдеді.

"Тұрғын үйдің кіреберісінің төбесін күрделі жөндеу жұмыстары компанияның сметасында көрсетілмесе, онда пәтер иелерінің қосымша қаражатына жасалады", - деді олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова