Алматы облысында жер сілкінісі сезілді

Алматы облысында бүгін сағат 9.12-де жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.2. MPV магнитудасы - 5.7", - деп жазылған хабарламада.

Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балл болып сезілген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшінFacebook парақшамызға жазылыңыз!