Су тасқыны: 50 мыңға жуық адам үйіне оралды

Су тасқынынан зардап шеккен 50 мыңға жуық адам үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, республика бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралды.

Республика бойынша 8767 жеке тұрғын үй мен 2994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су тасқыны басталғалы бері 15,2 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!