Ақтөбе облысында такси жүргізушілерін алдаған алаяқ сотталды

Ақтөбе облысында такси жүргізушілерін алдаған алаяқ сотталды
Фото: Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Ақтөбе облысында такси жүргізушілері алаяққа алданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының №2 соты "И" - ға қатысты алаяқтық жасады, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде бірнеше рет жасаған деген айыппен қылмыстық істі қарады (ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 4 тармағы).

Қысқаша фабула

2024 жылы наурыз айында "И" Ақтау қаласында бола тұра, "inDrive" қосымшасы арқылы Ақтөбе қаласында орналасқан "Анвар" гипермаркетінен 25 000 теңгеге азық түлік алып, Ақтөбе қаласының мекен-жайын көрсетіп, жеткізу қызметінің ақысы 5 000 теңге деп тапсырыс берген.

Осы кезде, Ақтөбе қаласы бойынша, "inDrive" қосымшасы арқылы такси қызметін атқарып жүрген жүргізушілер берген тапсырысты қабылдаған.

Содан такси жүргізушілері "Анвар" гипермаркетіне барып, азық түліктерді сатып алған. Өз кезегінде, "И" қалған ақшаны абоненттік номеріне бірлік ретінде салуын айтып, мекен-жайға келген кезде 30 000 теңге ақшаны қолма-қол беремін деген сөздерімен алдап, жымқырылған ақшаны әрі қарай өз пайдасына жұмсаған.

"И"-дің қылмыстық іс әрекетінің салдарынан 11 эпизод бойынша 182 325 теңге материалдық шығын келтірілген.

Сотталушының ұстанымы

Сотталушы "И" сот отырысында тағылған айыпты толық мойындады.

Дәлелдемелер

Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен қатар, жәбірленушілердің жауаптарымен және іс материалдарына тіркелген құжаттармен толығымен дәлелденді.

Тағайындалған жаза

ҚК-нің 53-бабына сай, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жәйлар ретінде, сот, сотталушы "И"дің жасаған қылмыстық іс–әрекетін мойындауын, шын ниетпен өкінуін және жас баласының болуын таныды.
Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай сотта анықталған жоқ.

Сот үкімімен "И" кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сотталушы келтірілген шығынды толық өтеуіне байланысты жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қараусыз қалдырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина