Кеудесіне оқ тиген: Алматы облысында жасөспірім белгісіз жағдайда жарақат алған

Алматы облысының Іле ауданында 2011 жылы туған бала үйінің маңындағы көл жағасында ойнап жүріп оқ жарақатын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Пятый регион" мәліметіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, оқ пневматикалық қаруға арналған.

"Кәмелетке толмаған бала оқ жарақатын қалай алғанын анықтау үшін Іле ауданының ПБ ЕҚДБ-да қылмыстық іс тіркелген. Оқ пневматикалық қарудан атуға арналғаны анықталды. Барлық қажетті сараптамалық зерттеу тағайындалған. Тергеу жалғасып жатыр", - деді полиция өкілдері.

Білім басқармасы оқ жарақатын алған науқастың облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалғанын хабарлады.

"Операция жасалды - торакоскопия, ревизия, кеуде қуысын тазарту, бөтен денені (оқ) алу. Оқ оң жақтағы кеуде қуысынан өтіп, өкпе тінін зақымдап, иық сүйегінің төменгі полюсінің проекциясында қабырға аралығында тұрып қалған", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Бала аман қалды. Қазір полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!