Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген үш күдікті ұсталды

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген үш күдікті ұсталды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметінен

Астана және Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 3 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 2-3 мамырда Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады.

"Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктеліп отыр. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан