Дүниежүзілік қол гигиенасы күні: қолды қалай дұрыс жуу керек?

Жыл сайын 5 мамырда Дүниежүзілік қол гигиенасы күні атап өтіледі. Бүкіл әлемде қол гигиенасы - бактериялар мен инфекциялардың таралуын болдырмауға көмектесетін маңызды әдістердің бірі. Ендеше, қолды қалай дұрыс жуу керек?

Бактерия мен вирустан құтылуы үшін қолыңызды жууға 20 секундтан кем емес уақыт жұмсаңыз. 

Суық әлде ыстық су?

Бактерия мен вирус жоғары температурада өледі. Бірақ, ыстық суды жиі қолдану қол терісінің қабынуына алып келеді. Сол себепті мамандар адам өзіне ыңғайлы су температурасында қолын тазалаған жөн дейді. 

Қолды қашан жуған дұрыс?

Дейін:
∎ Тамақ дайындау және тамақтану.
∎ Жанама линзаларды кию және шешу.
∎ Бет әрлеу алдында.
∎ Денедегі жараларды залалсыздандыру.  

Кейін:
∎ Түшкіру және жөтел.
∎ Әжетханадан соң.
∎ Жануарларды ұстағаннан соң.
∎ Тағам дайындағаннан кейін.
∎ Қоғамдық көліктен соң.
∎ Үй мен жұмыстағы тазарту жұмыстарынан кейін.
∎ Спортпен шұғылданған жағдайда.
∎ Ақшаны қолға ұстағаннан кейін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!