"Әйелі бір бүйрегін берген": Ләйла Сұлтанқызы өзіне көмектесуге келген азаматтың оқиғасын бөлісті

"Әйелі бір бүйрегін берген": Ләйла Сұлтанқызы өзіне көмектесуге келген азаматтың оқиғасын бөлісті
Фото: instagram.com/sultankyzy

Астанада сенбілікке шыққан тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне көмектесуге келген жігіттің таңғажайып оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ләйла Сұлтанқызының айтуынша, Бекболат есімді азаматқа әйелі бір бүйрегін берген.

"Әйелінің бүйрегі азаматынікіне 86%-ға сәйкес келіп, донор болған👏🏼 "Шүкір, жар таңдауда қателескен жоқпын" деп қояды Бекболат.

Қасымда бір ер адам көмектесіп, кәдімгідей жұмыс істеп жүрді. Әкімдіктен келген азамат шығар деп ойладым. Кейін таныса келе, оқиғасын тыңдап, көңілім де босап кетті. 4 ай бұрын жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті болып, жақында қайта жұмысқа шығады екен. Бекболат мырза үш қыздың әкесі😍 Құдай денсаулықтан айырмасын ешкімді.

Менің стористерімді көріп, кішкене болсын пайдам тисін деп келіпті👏🏼", - деп жазды тележүргізуші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

А. Жапатова