Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті: қоғамдық көліктегі тағы бір адам зардап шеккен

Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті: қоғамдық көліктегі тағы бір адам зардап шеккен
Фото: куәгерлер

Астананың орталығындағы оқыс оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға сенбі, 4 мамыр күні түс ауа болған. Республика даңғылымен Иманов көшесі жағынан келе жатқан автобус жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Автобусты дереу тоқтатқаннан кейін ішіндегі жолаушы құлап, жарақат алған.

Жаяу адам мен жолаушы ауруханаға жеткізілді.

"Бұл дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Аталған факті бойынша Астананың полиция департаменті жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жолды белгіленген жерлерден ғана кесіп өтуді және жолды кесіп өту кезінде барынша сақ болуды ескертті", - делінген ведомство хабарламасында.
 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан