Қазақстанның басым бөлігінде ертең нөсер жаңбыр жауып, үсік болады

Қазақстанның басым бөлігінде ертең нөсер жаңбыр жауып, үсік болады
Фото: pixabay.com

Синоптиктер ертең, 5 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр, бұршақ жауатынын және тұман түсіп, 6 градусқа дейін үсік болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды облысының шығысында нөсер жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секунына 24-29 метрге жетеді.

Алматыда күннің соңында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз кей уақытта найзағай, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 25 м/с болады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус үсік болады.

Қызылорда облысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Атырау облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде 1-6 градус үсік болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында 1-6 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында 30 м/с-тан асады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан