Ақмола облысында тұрғындар әскерден оралған жігітті күтіп алғанда аспанға оқ жаудырған

Ақмола облысында ауыл тұрғындары әскерден оралған жігітті күтіп алғанда аспанға оқ жаудырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде ауыл тұрғындарының әскерден оралған жігітті "дүркіретіп" күтіп алған сәтінен түсірілген видео тарады.

Полиция қызметкерлері 21 және 23 жастағы екі жігітті ұстады, олар уақытша ұстау изоляторында.

Қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!