Астандағы дөнер кафесіндегі өрт ауыздықталды

Астандағы дөнер кафесіндегі өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, өрт 80 шаршы метрді шарпыған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өртті сөндіру кезінде газ баллондарынан 4-5 тарсыл болған.

Еске салайық, мұның алдында Астанадағы Байқоңыр ауданында дөнер кафесі жанып жатқанын хабарлаған едік. Оқиға орнынан түсірілген видеолар тарады.

Толықтыру: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі сағат 19:55-те өрт сөндірілгенін, төтенше жағдай орнынан сегіз газ баллоны алып шығарылғанын хабарлады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз