Душанбедегі дзюдодан Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны екінші медальмен толықты

73 келіде белдескен Дархан Қойбағар өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кіші финалда Дархан олимпиадалық рейтингіде 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Айта кетейік, Дархан Қойбаған  әлемдік рейтингіде алғашқы жүздікке де кірмейді.

Айта кете турнир барысында Қойбағар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз