Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзін қашан айтатыны белгілі болды

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.

Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!