Атырауда апельсинге қақалған әйел өліп кете жаздаған

73 жастағы атыраулық әйел апельсинге қақалып, тұншыға бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға қарттар үйінде болған.

"Біздің бригада оқи орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде ол есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім болды", - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!