Алматы облысында аспанға оқ атқандар жазаланды

Алматы облысында аспанға оқ атқандар жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында 30 сәуірде Қарасай ауданының Көксай ауылында жастар оқ атқаны анықталды.

Тәртіп сақшылары 21 және 23 жастағы екі жігітті анықтап, аудандық полиция басқармасына жеткізді.

Қарулар тиісті сараптамаға жолданды.

Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Екі жас бала уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина