"Бәрімізді қорқытып, үркіткен қыз". Төреғали Төреәлі өзінен 10 жас кіші қарындасын ерекше құттықтады

Кеше Төреғали Төреәлінің қарындасы, танымал блогер Фариза Төреәлінің туған күні болды. Блогер 23-ке толды. Өнер иесі қарындасын ерекше құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші блогердің жазбасына әсерлі пікір қалдырған. 

"Дарханның жары, Дараның анасы туған күн - біз үшін мереке! Менен кейін асықпай, 10 жылдан кейін келген қыз дүниеге. Келгенде де жfй келмеген қыз. Қорқыт бабамыз ұқсап бәрімізді қорқытып, үркітіп, сәуегейлерге "әй мынау тегін қыз емес" дегізген қыз. Төл мерекең құтты, денсаулығың мықты болсын, ботақаным. Даратайдың әкесімен қос дүниеде қол ұстасып, елдің елеулісі, халықтың қалаулысы болыңдар", - деп жазған ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!