1 пәтердің құны: Сарапшы танымал блогердің образы қанша тұратынын есептеді

Киім сату маманы Жансая Махабаева танымал блогер Эльмира Төлегенованың образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның есебінше, жалпы сома - 30 миллион 750 мың теңгеге шыққан.

"Жакет 35 мың теңге, сөмкесі Yves Saint Laurent брендінен 950 мың теңге. Аяқкиімі әйгілі Loro Piano брендінен 850 мың теңге", - дейді Жансая Махабаева. 

Маманның айтуынша, ең қызығы - әшекейлері. Алқасы 1 миллион 500 мың теңге. Блогердің әшекейлерінің жалпы сомасы 27 миллион 400 мың теңге. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!