"Танымаймын". Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін неге бермегенін түсіндірді

"Танымаймын". Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін неге бермегенін түсіндірді
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Kalifarniya Дариға Бадықоваға әнін неге бермегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі Тaboo бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Дариға Бадықова бір сұхбаттарының біріндебірнеше әншіге ренжігенін айтқан еді. Олардың арасында Kalifarniya да бар.

"Kalifarniya-ның да бір әнінің мелодиясын қосқымыз келді. Ол бір миллион теңгеге сатамын деді. 15 секундтық музыкаға бір миллион теңге төлей алмайтынымды айттым. Қалталы продюсер емеспін", - деді актриса.

Ал Kalifarniya Дариға Бадықова өзіне хабарласпағанын айтты.

"Маған ешкім хабарласқан жоқ. Өзі сөйлесіп, жағдайды түсіндіргінде берер ме едім. Ол кісі менің командамдағы адамдарға хабарласқан шығар. Сосын олар да жұмысын атқарып, әннің бағасын айтқан. Өйткені олар сол арқылы жалақы алып отыр. Егер ол кісі жеке өзіме шығып, таныстырғанда "ала беріңіз" деп айтушы едім. Беруім де мүмкін еді, бермеуім де мүмкін. Адам болғасын құбылып кетесің. Тіпті, ол кісімен сөйлесіп, араласып көрмеппін. Былай айтқанда, танымаймын. Одан кейін Жахан Отарғалиев жеке нөмеріме хабарласып, әнімді фильміне сұрады. Сол бойда бере салдым. Өйткені өнердегі ағам, жерлесім. Байланысымыз бар", – деді әнші "Taboo" бағдарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек