Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған тұрғын әлеуметтік желі арқылы табылды

Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған тұрғын әлеуметтік желі арқылы табылды
Фото: видеодан алынған кадр

Павлодарда жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған тұрғын әлеуметтік желі арқылы табылды. Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ломов көшесінде бірнеше адам жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпек болған. Екі жолаушы көлігін тоқтатып, жаяу жүргіншілерді өткізген. Күтпеген жерден олардың арасынан "ГАЗель" автокөлігі пайда болып, жаяу жүргіншілердің жолын кескен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТИПИЧНЫЙ ПАВЛОДАР (@ti.pavlo)

Абырой болғанда бірі екіншісін жылдам артқа итеріп жіберіп, оның өмірін сақтап қалды.

"Апатты жағдайға әкеп соқтырған әрі жол қозғалысы ережелерін бұзған, жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік айып тұрағына қойылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан