Семейде сабақ үстінде бір мектептің төбесі опырылып түсті

Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағы сабақ кезінде опырылып түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады білім бөлімі.

Олар сылақ опырылған жерде сол күні жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді.

Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған.

Жадыра Құдайберген

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!