"Тұншықтырып, аяусыз ұрған": БҚО-да 73 жастағы зейнеткер әйелін өлтіріп тастаған

"Тұншықтырып, аяусыз ұрған": БҚО-да 73 жастағы зейнеткер әйелін өлтіріп тастаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында 73 жастағы тұрғын жұбайын ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта 73 жастағы зейнеткерге үкім шығарылды. Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Қарт адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Іс материалдарында зейнеткер алдымен жұбайын пәтерде ұрып-соғып, оны баумен тұншықтырып, содан кейін қолымен тұншықтыра бастағаны айтылады. Ол әйелімен 48 жыл отасқан.

"Сот отырысында сотталушы өзінің іс-әрекетіне өкінетінін және жасалған қылмысты мойындайтынын айтты", - деді соттағылар.

Сондай-ақ, сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова