"Не деген махаббат". Желіде әйеліне гүл сыйлаған романтик ата жұртты сүйсіндірді

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде әйеліне қара тұлпарымен келіп, гүл сыйлаған ер адам жұртты сүйсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok желісіне al1iw05 атты қолданушы жариялаған. 100 мыңнан астам қаралым, 1000-нан астам пікір жазған видеоны желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

@al1iw05

Аташка романтик 65 жаста

♬ оригинальный звук - 🤍

"Аташка романтик 65 жаста" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары атаның іс-әрекетіне таңғалып, жылы лебізін білдірді. "Мә, мынаны көріп жылап алдым біраз", "тұлпары бөлек екен", "керемет ата екен", "жасы ұзағынан болсын", "осындай бақыт бұйырсын", "мәселе гүлде есес, көңілде", "не деген махаббат", "жаным, ата романтик" деп жазды олар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы