Құлсарыдағы су тасқыны: 800-ден аса үй тексерістен өткен

Құлсарыда су тасқынынан бүлінген мүлікті бағалау жұмыстары жалғасып жатыр. Тұрғындардан 2733 өтініш түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жылыойда тасқыннан техникалық тексеріс және бағалау жұмыстарымен айналысуға 40-тан аса техникалық маман тартылған. 

"26 сәуірден бастап бүгінге дейін 867 нысан техникалық тексерістен өтті, бұл жұмыстар 15 мамырға дейін аяқталады", - деп мәлімдеді жауаптылар.

Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары басталғалы бері 3,5 миллион текше метр су шығарылып, жұмысқа 2700-ге жуық адам мен 125 су соратын техника жұмылдырылды.

3 мамырдағы жағдай бойынша 2704 нысан тазартылды.

Сонымен қатар, Жылыой ауданында тасқын кезінде суға кеткен малдың құнын өтеу бойынша өтінімдер тіркеліп жатыр. Күні бүгінге дейін 87 өтініш қабылданды.

Құлсары қаласының 3600 тұрғынына 100 АЕК көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!