"Тегін беруім мүмкін еді". Kalifarniya актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы айтты

"Тегін беруім мүмкін еді". Kalifarniya актриса Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы туралы айтты
Фото: Фотоколлаж

Танымал әнші Kalifarniya актриса Дариға Бадықованың ренішіне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Taboo бағдарламасына сілтеме жасап.

Актриса Дариға Бадықова "киноға саундтрек алайын десем, 1 минутқа жетпейтін әніне 1 млн теңге сұрады" деген еді. Әнші осыған қатысты жауап берді

"Бұл жерде "Дариға ханым осылай сұхбат берген екен" деген жарасады. Маған ешкім жеке хабарласқан жоқ. Хабарласса, менің директорыма, командама хабарласты. Олар енді осы нәрседен ақша тауып отырғандықтан "әнді алыңыз, бірақ құны осындай" деп сөйлескен болар. Мысалы, маған Жаһан Отарғалиев хабарласып, "інім, мына әнің керек" деді. Тегін бере салдым.  "Дариға тәтеңмін ғой, кино түсіріп жатыр едім, әніңді берші" десе, тегін беруім де, бермеуім де мүмкін еді. Себебі мен ол кісіні жеке танымаймын", - деді әнші.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы