"Әйелге деген құрметті әдемілеп жеткізіп отыр". Сәкен Майғазиев пен ұлының әңгімесі жұртты сүйсінтті

Танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлымен әңгімелесіп отырған видеосын жүктеді. Желі қолданушылары өнер иесінің айтқан ақылына сүйсінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны әнші әлеуметтік желіде бөлісті. 

"Балаңды өскенше, немереңді өлгенше. Бала балдан тәтті, немерең жаннан тәтті. Әжең сендерді қалай жақсы көреді?! Бір күн хабарласпай қалса, ренжиді, сөзбен қамшылап алады. Адам оны да сағынатын уақыт келеді. Сенен кейін перзент болғанын 15 жыл күттік. Мен қалай армандасам, анаң 10, 100 есе күтті. Іні-қарындастарың болғанын армандадық. Түртпектеп, мазасын алған жоқпын. Алланың есебі. Кейін ананың құрсағына перзент біткенде, үш айдан кейін әжеңе хабарластық. Анаңның махаббатын сезіп жүрсін деген ниетпен айтып жатырмын. Сол кезде анам сүйінші сұрағанда "сүйіншіңе жанымды берейін бе?" деді. Ананың махаббаты өлшеусіз екен, балам. Ал Алланың махаббаты одан шексіз", - деді ол. 

Желі қолданушылары өнер иесі мен ұлына тәнті болып, түрлі пікір қалдырған. 

"Көзіме жас келді", "Әр әке баласымен осылай сырласып, ақылдасып отырса, жаман бала болмайды . Сәкен, жарайсың, қандай үлгі болып отырсың", "Қандай керемет тәрбие! Баласымен әңгімелесу барысында әжеге, анаға, жалпы әйел баласына деген құрметті әдемілеп жеткізіп отыр. Үлгі аларлық әңгіме болды. Баланы тәрбиелеуге көп нәрсенің қажеті жоқ, тек өзіміздің жақсы істерімізбен, айналадағы кез келген адамға жасаған құрметімізді көрген бала, сол істі қайталайды. Сәкен, әулетің, анаң, отбасың аман болсын","Бұл ұрпағыңызға қалатын керемет жоба ғой. Ұлыңыз биіктен көрінсін", "Сәкеннің дүние таннымы керемет. Жүрегіне Алла мейірім құйып қойған. Баласы Әділет те ақылды екен. Бәрі аман болсын!", - деп жазған олар.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!