"40 шақты жұмыскері бар". Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының кәсібі туралы айтты

"40 шақты жұмыскері бар". Гүлзира Айдарбекова кіші ұлының кәсібі туралы айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғардың кәсібі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлзира Айдарбековаға оқырмандарының бірі "Қайрат Нұртастың арқасында күн көріп отыр" деген пікір қалдырған. Ол мұны жоққа шығарып, әр ұлының өз жұмысы барын айтты. 

"Уайымдамаңыз, бәрінің өзіне жетерлік табысы бар. Бірақ сіз оны білмеуіңіз мүмкін. Халықтың ұлы Қайрат болған соң, ол не істесе де, сіздер білесіздер. Басқалары көрсетіп жасауға міндетті емес. Заңғардың қырық шақты жұмыскері бар. Заңғар солардың нәпақасының табуына себепкер болып, сауапты іс жасап жатыр. Балаларым біреуге жұмыс істемеуі мүмкін, бірақ бас-көз болып жұмыс істетеді", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек