"Зәкенің соңғы кітабынан арнауын оқыды". Мақпал Жүнісова 17 жыл бұрынғы видеоны жариялап, жұртты елжіретті

"Зәкенің соңғы кітабынан арнауын оқыды". Мақпал Жүнісова 17 жыл бұрынғы видеоны жариялап, жұртты елжіретті
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова 17 жыл бұрынғы видеоны жариялап, жұртты елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеосын ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Видеода 5 жасар қызы Мерей әкесі Заманбек Нұрқаділовтің Мақпал Жүнісоваға жазған арнауын оқиды. 

"Папамның ақ тілегі.

Мақпалжан - бұлбұлым сен сайрайтұғын,

көктегі жұлдыздардай жайнайтұғын. 

Ұшамын қанат бітіп, сен дегенде 

Мен құспын самұрықтай талмайтұғын", - дейді әншінің қызы Мерей видеода. 

"2007 жыл, Мерейжанның 5жасы, Зәкенің соңғы кітабынан арнауын оқыпты", - деп жазған әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек