Алматы облысында шаруашылық тауарларын сақтауға арналған қоймада ірі өрт шықты

Алматылық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Алматы облысының Бесағаш ауылында халық тұтынатын шаруашылық тауарларын сақтауға арналған қойма үй-жайында өрт шықты.

Өрттің алдын-ала ауданы шамамен 265 шаршы метр болған.

Зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталып жатыр.

Өрт сағат 21:35-те сөндірілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!