Алматы облысында шаруашылық тауарларын сақтауға арналған қоймада ірі өрт шықты
![Алматы облысында шаруашылық тауарларын сақтауға арналған қоймада ірі өрт шықты](/userdata/news/news_106555/image_l.jpg)
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Алматылық өрт сөндірушілер ірі өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Алматы облысының Бесағаш ауылында халық тұтынатын шаруашылық тауарларын сақтауға арналған қойма үй-жайында өрт шықты.
Өрттің алдын-ала ауданы шамамен 265 шаршы метр болған.
Зардап шеккендер жоқ. Себептері анықталып жатыр.
Өрт сағат 21:35-те сөндірілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан