Желіде Талғардағы жедел жәрдем автопаркінің аянышты жағдайы түсірілген видео тарады

Фото: видеодан алынған кадр

Алматы облысының Талғар ауданында жедел жәрдем жұмысына қатысты шу шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде Талғардағы жедел жәрдем көліктерінің көбі бұзылып тұрғаны туралы видео тарады.

"Талғар ауданында жедел жәрдем неге ұзақ уақыт бойы жетіп болмайды? Өйткені 21 көліктің бесеуі ғана кезекте тұр, қалғаны бұзылған", - делінген Instagram-да жарияланған видеоның жазбасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мән-жайды түсіндірді. Ведомствоның хабарлауынша, ақпан-наурыз айларында облыстық жедел жәрдем және жедел медициналық жәрдем стансасының жедел жәрдем көліктерін жөндеуге ашық конкурс өткізілген.

"Конкурстың қорытындысы шығарылғаннан кейін хабарландыру порталда 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы уақыт ішінде қатысушылардан шағым түсіп, олардың арасында дау туындады. 23 сәуірде мемлекеттік аудиттің қатысушылардың шағымдарын қарау мерзімі аяқталды. Мемлекеттік аудиттің жауабын алғаннан кейін хабарландыру электрондық мемлекеттік сатып алу порталындағы сапаны бақылау бөлімінде 5 жұмыс күні ішінде қаралады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Жеткізушімен жедел жәрдем көліктерін жөндеуге келісімшарт 2 мамырда жасалғаны белгілі болды.

"Бүгінгі таңда жедел жәрдем көліктерінің 40 пайызы жөндеуге жіберілді, жөндеу жұмыстарына шамамен екі апта уақытты алады. Қазіргі уақытта облыста 100 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарма төрт айда жедел жәрдем станциясына 219 013 шақырту түскенін хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан