Алматыда ер адам таңертең біреудің пәтеріне кіріп, 45 жастағы әйелді зорламақ болған

Алматыда ер адам таңертең біреудің пәтеріне кіріп, 45 жастағы әйелді зорламақ болған
Фото: Алматы қалалық ПД

Алматыда ер адам 45 жастағы әйелді зорламақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, таңертең белгісіз ер адам әйелдің пәтеріне кіріп, оны пышақпен қорқытып, телефонын тартып алған және зорламақ болған.

"Бұл қылмысты біздің бөлімшенің криминалдық полиция қызметкерлері "ізін суытпай" ашты. Күдікті қаланың басқа бөлігінде ұсталды. 28 жастағы қаскөй бұрын тонау және зорлау бойынша сотты болғаны белгілі болды. Бөтен біреудің ұялы телефоны мен пышақ тәркіленді. Олар қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелді. Ұсталған адам қамауға алынды", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтыны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова