"Қуандық мәйіттен құтылуды жоспарлаған". Профайлер Бишімбаевтың іс-әрекетіне талдау жасады

Мамандандырылған профайлер Михаил Дементьев "Кинетический психопат" Youtube-арнасында әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың іс-әрекеті мен сөздеріне талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман алдымен Қуандық Бишімбаевтың 2014 және 2018 жылдары түсірілген видеоларын қарады. Ол кадрдан Бишімбаевтың жүзінен өкініш көрмегенін тілге тиек етті.

"Бұл Бишімбаев мемлекет бюджетінен қаражат ұрлағаны үшін сотқа тартылған кезінде түсірілген бейне. Оның сот залына кіріп келгенінен, оның іс-әрекеті үшін ұялып тұрғаны байқалмайды. Жеңіл күлімсіреп тұр, өкініш сезімі мүлдем жоқ. Ол төмен қарап, ерекше интонациямен қағазда жазылған мәтінді оқып тұр, эмоция да жоқ.

Сондай-ақ, бақылау камерасы астында бірге отырған тұтқындармен әзілдесіп, көңіл көтеріп отырғанына қарап, ол өзін кінәлі сезінбейтінін, ұялмайтынын көруге болады. Ол уайымдап тұрған жоқ, ішінен "бұл ештеңе емес, жақында шығамын" деп ойлап тұрған секілді", - деді ол.

Профайлер екінші кезекте 2014 жылы 30 шілдеде түсірілген журналистің сюжетін қарап, Бишімбаевтың бейнеде өте қисынды сөйлеп түрғанына назар аударды. 

Артынан маман сот отырысында түсірілген видео кадрларын қарады.

"Кадрлардан көптеген психопатиялық бұзылысы бар адамды көруге болады. Осының арқасында ол миына келген ойды еш ойланбай жасай алады, кінә сезінбейді. Ол тіпті мәйіттен құтылу туралы жоспарлаған болуы мүмкін, әрине бұл менің ойым, бірақ мен шындықтан алыс емеспін деп ойлаймын және мұны құзырлы органдар жақында анықтайды", - деді ол.

Профайлердің айтуынша, айыпталушының бойында физикалық әрекеттерді есте сақтаумен байланысты көптеген қозғалыс бар. Ол сөйлегенде жұдырығы мен қолдарын қатты сермейді. Мұндай іс-әрекет оның бойында еш қиындықсыз пайда болады, өз кезегінде оларды орындау үшін ми бұйрықты оңай береді. Яғни, Бишімбаев қолдарын, денесін көбінесе агрессивті күйді пайдаланады деген қорытындыға келуге болады. 

"Бишімбаев судьяның, жәбірленуші тарап адвокаттарының ескертулеріне жиі елемей, керісінше, өз пікірін басқаларға үгіттеуін өзіне тиімді нұсқада жалғастырады. Ол іске мүлде қатысы жоқ барлық егжей-тегжейді айтып, марқұм Нүкеноваға теріс көзқарас қалыптастыруға тырысып отыр", - деді маман.

Ол Бишімбаевтің актерлік қабілеті жақсы дамығанын атап өтті.

"Бишімбаев Нүкеноваға "дәрі ішіп, тынышталшы" деген сөздері арқылы өзін ақ, таза етіп көрсеткісі келеді. Алайда мұның бәрі жәй ғана актерлік шеберлік, манипуляция. Айыпталушы өзін марқұм Нүкенованың іс-әрекеті қорқытатынын айтады, Бишімбаевтың қорқып тұрғанын көріп тұрсыз ба? Жоқ!" - деді ол.

Михаил Дементьев айыпталушы Қуандық Бишімбаев ашық қимылдарды көп қолданатынын, алақанын, шынтағын көрсету арқылы адамдарға қосымша әсер ететінін түсіндірді.

Сонымен қатар, маман Бишімбаев сөйлеген кезде арнайы тоқтап, айналасына қарайтынын айтты.

"Ол сөйлеп жатқан кезінде арнайы тоқтап, ернін жымқырады да, алқабилер жаққа қарайды. Адам неліктен ернін жымқырады? Ауыз құрғаған кезде, яғни бұл адамның тым қатты күш салып отырғанын көрсетеді. Бұл әдетте өтірікшілерге өте тән әдет, яғни шындықты айтып тұрған адам, кідіріссіз сөйлейді, "маған сенді ме екен?" деп жан-жағына қарамайды", - дейді профайлер.

Маманның сөзінше, Бишімбаев бір рет болған жағдайды тұрақты түрде қайталанады деп айтып, оны жалпылау арқылы басқа адамдарға манипуляция жасайды.

"Қуандық Салтанат есіміне нұқсан келтіргісі келмейтінін, бірақ өзін қорғауға мәжбүр екенін айтып, марқұмның ішімдік көп ішкені, жүйкесі бұзылғаны, балағат сөздер айтқаны туралы көзқарас қалыптастырады. Ал өзін ақылды, 3 жоғары білімі бар, шетелде оқыған, жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарған адам ретінде көрсетеді. 

Сотта ол өзін сенімді ұстайды, қорқыныш пен өзін кінәләу сезімін көрсетпейді. Денесін біркелкі қалыпта ұстайды, басы жоғары көтерілген, сенімді, сауатты және ұқыпты сөйлейді. Өз кінәсін мойындаудың орнына, айналасындағылардың бәрін, әсіресе Салтанатты кінәлі етіп көрсетеді", - деп қорытындылады маман.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!