"Баталовпен болдың ба?" Бишімбаев Нүкеновадан бір нәрсені 175 рет сұраған

Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновадан бір нәрсені 175 рет сұраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Нүкенованың отбасының адвокаты айтты. 

"Сот процесіне дайындалу барысында Нүкенованың телефонындағы видеоларды сараптадым. 9 қарашаға қараған түнді еске алсақ, түсірілген видеоларда айыпталушының кінәсін анық көрсететін дәлелдер бар. Онда Бишімбаев 20 минутта 175 рет "Айтшы, сен Райымбек Баталовпен болдың ба (төсек қатынасы)?" рет сұраған", - дейді адвокат. 

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді.

1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкер нақты кім екенін айтпаса да есімі Райымбек екенін атап өткен болатын. Көптеген дереккөз бұл кәсіпкер Райымбек Баталов екенін жазған болатын. Артынша Желі қолданушылары Баталовтың әйелі Ленара Баталованың парақшасына шабуыл жасап, күйеуі туралы пікір жаза бастаған болатын.

Артынша Райымбек Баталов өзіне қатысты айыптаулардан кейін жауап беруді ұйғарған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Оның сөзінше, бұл сотқа қатысты аяғына дейін пікір білдіргісі келмеген. Алайда айтылып жатқан сұмдық ақпараттардан кейін мәлімдеме жасауға бел буған. Ол өз тарапына қатысты айтылған ақпараттың бәрі бос сандырақ, өтірік екенін жеткізді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!