Енді есірткі өндіргендер өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстанда есірткі өндіргендер өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Заң бойынша есірткіні өндіру есірткі қылмысының аса қауіпті түріне теңестіріледі. Ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына дейін әкеп соғуы мүмкін.

"Біз жасырын есірткі зертханасын ашатындар үшін жауапкершілікті арттырдық. Бұл бірінші оқылым, мәселе әлі пысықталады", - деді Айдос Рысбаев Мәжіліс кулуарында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз