Алматы облысында жер қойнауы заңсыз пайдаланылған

Алматы облысында жер қойнауы заңсыз пайдаланылған
Фото: ІІМ

Алматы облысында жер қойнауы заңсыз пайдаланылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департменті Еңбекшіқазақ ауданындағы карьерлердің бірінің аумағында заңсыз пайдалы қазбаларды өндіргендерді анықтады. Бұл іс бойынша күдіктілердің барлығы анықталды.

Әрқайсының қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы тексеріліп жатыр.   

"Олар өзен бойындағы кен орны аймағында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіргені алдын-ала анықталған. Жүргізілген сараптама нәтижесінде көлемі 27 455,47 текше метр балласт екенін көрсетті. Тексеру барысында олар өндірген кенді мегаполис пен облыс аумағынан алғаны анықталды", - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Мемлекетке келтірілген залал 122 миллион теңгеден асты. Арнайы тұраққа 47 көлік пен арнайы техника қойылды.

Жер қойнауын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова