"Апаға қиын ғой". Әпкесін Меккеге арбамен жаяу апара жатқан жолаушының видеосы қызу талқыға түсті

Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде әпкесін Меккеге арбамен апара жатқан ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Айжамал есімді қолданушы TikTok желісіне жариялаған.

@aizhamal_16.92 #меккегебарудынәсіпетсін🕋 ♬ оригинальный звук - Bainur

"Көзіме жас үйірді. Күніне 70 км, желді күні 30 км жүреді. Әлі 3 ай жүреді екен" деп жазды қолданушы.

"Апаның аяғы ұйып қалмай ма екен", "негізі бұлай жету қиын, жолдары ашық болсын", "апаға қиын ғой, ауырып қалмасын", "аман-есен жетсін", "осындайлар енді көбейетін шығар", "қай жақта түнейді екен" деп желі қолданушылары алаңдаушылық білдірді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы