Құлсарыда 300-ден аса үй әлі де су астында

Атырау облысының Құлсары қаласында 300-ден аса үй әлі де су астында, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елді мекенде су тасқыны болған сәттен бастап ҚР ТЖМ құтқарушылары 2564 үйден су сорып шығарды.

"Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 3 миллион текше метрден аса су сорылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен әрбір тұрғынға 369 мың теңгеден төленгені хабарланды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!