Маңғыстау облысында әйелін балағаттап, күш қолданған ер адам қамауға алынды

Маңғыстау облысында өзбен қорлап тиіскені үшін әйелі күйеуін түрмеге қаматты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.

Түпқараған аудандық сотында ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен Е.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралған.

8 наурызда Шапағатов ауылында ер адам әйелімен сөзге келіспей қалып, оны боқтап-балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, бір қолымен мойнынан қылғындырып, күш қолданған.

Сот қаулысымен Е-ға ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!