Неліктен кенеттен майлы және қышқыл тағам жегіңіз келеді? Нутрициолог түсіндірді

Неліктен кенеттен майлы және қышқыл тағам жегіңіз келеді? Нутрициолог түсіндірді
Фото: pixabay.com

Кенеттен майлы немесе қышқыл тағамды жегіңіз келгені ағзада қоректік заттар, дәрумендер немесе минералдар жетіспейтінін көрсетеді. Бұл туралы нутрициолог Жанна Тиханычева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Life.ru" сілтеме жасап.

"Егер сіз қышқыл тағам жегіңіз келсе, бұл асқазан сөлінің төмен қышқылдығын немесе С дәруменінің жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда диетаға цитрус, қырыққабат немесе болгар бұрышын қосу керек.

Ал майлы тағамға деген тұрақты құмарлық майда еритін A, E, D және K дәрумендерінің, сондай-ақ омега-3 май қышқылдарының жетіспеушілігін білдіреді.

Маман толыққанды диета белгілі бір тағамдарға деген бірден пайда болатын құштарлықты болдырмайтынын жеткізді. Оған қоса үнемі уақытылы тамақтанып, әртүрлі маусымдық өнімдерді тұтыну да маңызды рөл атқарады. Алайда, жағдайыңыз сізді алаңдатса, бірден маманнан кеңес алған жөн.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бірлік туралы мақал-мәтелдер

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә