Диетолог тез дайындалатын кеспенің денсаулыққа қалай әсер ететінін түсіндірді

Тез дайындалатын кеспені жиі жеу иммунитеттің бұзылуына қауіп төндіріп, энергияны азайтады. Тіпті ол тәуелділік тудыруы мүмкін. Бұл туралы диетолог Маргарита Королева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "НСН" сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, тез дайындалатын кеспені өте сирек жеуге ғана рұқсат етіледі. Өйткені, ол "бос" өнім, ол ағзаны ешқандай пайдалы затпен қамтамасыз етпейді, тек уақытша тоқтық сезімін береді. 

Сонымен қатар, тез дайындалатын кеспе метаболикалық процестерге теріс әсер етеді және иммунитетті төмендетеді, өйткені ішек микробиомасы одан "қоректенбейді". Салдарынан, өнімділік төмендеп қана қоймай,  әртүрлі ауыр аурулардың дамуына түрткі болады.

"Біздің деніміздің сау болуы - өз қолымызда. Дұрыс тамақтануды таңдау бізге барлық жағынан бақытты болуға, жеткілікті уақыт өмір сүруге және мидың тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі", - деді маман.

Тағы да оқи отырыңыздар: 1 мамыр мерекесіне арналған өлеңдер мен тақпақтар

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!