Қазақстанның екі өңірінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты жолдар жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы:

2024 жылғы 1 мамырда сағат 00:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты "Астана-Ерейментау-Шидерті" автомобиль жолының 16-200-шақырымында (Астана қ. - Павлодар облысының шекарасы учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Павлодар облысы:

2024 жылғы 1 мамырда 00:00-де Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеріне байланысты "Астана-Ерейментау-Шидерті" автомобиль жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы - Шидерті а. учаскесі) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз