Танымал блогер жалғызбасты көпбалалы анаға баспана сыйлады

Танымал блогер Аида Серікова мен оның күйеуі Болатбек жалғызбасты анаға баспана сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуанышты хабарды олар әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Кәмшат есімді әйел 40 жаста, 4 баланың анасы. Оның күйеуі газ баллонға уланып қайтыс болған. Жалдамалы пәтерде тұрады. Әйелдің айтуынша, қыста өте суық болады. 

"Алланың қалауымен, "әр жобамызда өз қаражатымыздан мұқтаж отбасыға үй сыйлайықшы" деген дұғамыз орындалып жатыр. Аллаға Сансыз Шүкір! Міне, ешқандай сборсыз, тағы да бір қазағымыз, қара көз балапандарымыз үйлі болып жатыр. Айтатын сөзім көп. Бір білетінім, барлығы, ең алдымен, Алланың қалауымен, біз тек себепшіміз. Екіншіден, сіздер сияқты оқырмандарым қолдап, әр жобама атсалысып, қолпаштап отқанда, тау қопаратынымыз анық", - деп жазған ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!