Зәйтүн майын өзіңізге күтім жасауда қалай қолдануға болады?

Зәйтүн майы тамақ өнеркәсібінде ғана емес, косметика жасау саласында да үлкен сұранысқа ие. Оның тері және шаш күтіміне тигізер көмегі көп. Зәйтүн майы пайдалы майларға, дәрумендерге және антиоксиданттарға бай. Оны күнделікті күтімде қалай қолдана аласыз?

Шашқа арналған маска жасаңыз

Зәйтүн майымен бас терісіне массаж жасасаңыз, ол оның жағдайын жақсарта түседі. Ал зәйтүн майымен шашты тарасаңыз, ол жұмсақ әрі тегіс болады. Алайда зәйтүн майын аптасына 1-2 реттен артық қолданбаған жөн. Оны бас терісі мен бүкіл шаш ұзындығына жағып, аздап массаж жасап, пакетпен орап тастаңыз. Оны 30 минут өткен соң сусабынмен жуып тастайсыз.

Маймен макияжыңызды сүртіңіз

Табиғи өнім макияж сүрететін арнайы құралды толықтай ауыстыра алмайды. Бірақ қол астында арнайы құрал болмаған кезде оның орнына зәйтүн майын қолдануға болады. Зәйтүн майын сәл қаздырып алыңыз, содан соң оған мақта дисктерін малып, сонымен макияжды сүртіңіз. Содан соң бетіңізді жуыңыз.

Майды сірқабыққа (кутикула) жағыңыз

Сірқабық құрғақ болса, қолды күтімсіз, ал маникюрді нашар етіп көрсетеді. Бұл проблемадан арылу үшін нәзік теріні ылғалдандыру керек. Бұл мақсатта зәйтүн майын қолдануға болады. Ол үшін майдың бір тамшысын тырнаққа тамызып, оны сірқабыққа уқалап жағыңыз.

Зәйтүн майын массажға қолданыңыз

Зәйтүн майының құрамында тері серпімділігін жақсартатын және оны қатайтатын компоненттер бар. Денеге зәйтүн майымен жүйелі түрде массаж жасау тері жастығы мен саулығын сақтауға көмектеседі.

Маймен ерніңізді ылғалдандырыңыз

Зәйтүн майында теріні ылғалдандыруға көмектесетін дәрумендер, минералдар және майлы қышқылдар бар. Сондықтан оны еріннің табиғи жалтырлығын қайтаруға, жырықтардан арылуға және құрғап кетуден қорғауға қолдануға болады.

Денеге арналған скраб жасаңыз

Денеге арналған пайдалы скрабты үйде де жасауға болады. Ол үшін 2 ас қасық қант пен 1 ас қасық зәйтүн майы керек. Оларды араластырып, дайын қоспаны денеңізге қатты уқаламай, жайлап жағыңыз. Содан соң жылы сумен шайып тастаңыз. Алайда скрабты жиі қолдануға болмайтынын ұмытпаңыз. Әйтпесе, теріні зақымдап алуыңыз мүмкін.

Оқи отырыңыз: Денедегі жағымсыз иістен қалай арыламыз? Жапондардан үйренейік