Павлодарда ірі кәсіпорын саябақтың жерін иемденбек болған

Павлодарда ірі кәсіпорын саябақтың жерін иемденбек болған
Фото: pixabay.com

Павлодарда ірі кәсіпорын саябақтың жерін иемденбек болған. Кінәлі лауазымды тұлғалар жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура Павлодар қаласы паркі аумағының бір бөлігін екі көппәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз беру фактісін анықтады.

"Ауданы 1,2 гектар "Металлургтер" паркінің жер учаскелері жер және сәулет заңнамасын бұза отырып, жоғарыда аталған нысаналы мақсатта пайдалану үшін "Eurasian Resources Group" компанияларының бірі – "Қазақстан алюминийі" АҚ-ға тікелей бөлінген, - деп хабарлады облыстық прокуратура. 

Қадағалау актісі бойынша заңсыз рұқсат беру құжаттарының күші жойылды. Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, саябақ аумағы қалпына келтірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан