Павлодарда жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырғандар жазаланды

Павлодарда жол ережесін өрескел бұзған кортеж қатысушылары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзу дерегін анықтады.

"Назарбаев даңғылы мен Ломов көшесінің қиылысында бірнеше көліктен тұратын кортеж қатысушылары көлік терезесінен шығып отырған. Бұл төтенше жағдай туғызды.

Полиция той кортежін тоқтатты. Жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану талаптарын сақтамағаны үшін жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, әрқайсысына айыппұл салынды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина