Қазақстандағы ең танымал екі есім белгілі болды

Азамат пен Аружан - Қазақстандағы ең танымал қазақ есімдері. Ұлттық статистика бюросы есімдерге байланысты қызық статистика жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2021 жылғы санақ кезінде Қазақстанда Азамат есімді 63 мың ер адам және Аружан есімді 73 мың әйел адам тұрған. 

Деректерге сүйенсек, 10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан аса есім және 100-ден аса рет кездесетін 29 мың тек бары анықталды.

10 000-нан аса 136 ер және 146 әйел есімдері кездеседі. Осылайша, ер адамдар арасында ең танымал есімдер Азамат (63 мың адам), Серік (53 мың адам), Марат (50 мың адам), әйелдер арасында Аружан (73 мың адам), Мадина (59 мың адам), Динара (59 мың адам) болды.

Ерлер мен әйелдер арасында бір мезгілде танымал болған есімдер - Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімдері бар адам саны - 585 мың.

Ер адамға қойылған есімдерге ең көп жалғанған сөздер - "бай", "бек", "жан", "хан" болды. "Бек" өткен ғасырда өте танымал болғанымен, 2000-шы жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Бұл ретте құрамында "хан" сөзі бар есімдер кейінгі 30 жыл бойы тұрақты түрде өсіп келеді.

Әйел есімдерінде ең жиі кездесетін "гүл" сөзі 1950 жылдардан бастап 2000 жылдарға дейін өте танымал болған.

Қазақстанда 10 000-нан аса рет 69 қазақ тегі кездеседі. Осылайша, қазақтың алғашқы тектер үштігіне Ахметов (56 мың), Серік (39 мың), Омаров (36 мың) кіріп отыр. Қазақтар арасында ов, ев, ин (ова, ева, ина) болып аяқталған тектер үлесі 64 пайыз болады. Алайда әр жылы туғандардың тектерін талдасақ, мұндай тектердің үлесінің азаю динамикасын байқауға болады.

Сондай-ақ, көптеген қазақстандық-вич, -вна дегеннен гөрі ұлы/қызы дегенге көшіп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!